05 сәу, 2023 сағат 14:54

Министр "Қазавиақұтқару" қызметкерлерінің жаппай жұмыстан шығуына қатысты жауап берді

Фото: instagram.com/mchs.kazaviaspas

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ведомствоға қарасты "Қазавиақұтқару" АҚ ұшу құрамының жаппай жұмыстан шығуына қатысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

"Бұған дейін "Қазавиақұтқару" компаниясының қызметкерлері жұмыстан кету туралы жаппай хат жазып, бірқатар талап қойғаны туралы ақпарат тараған болатын. Бұған қандай пікір айта аласыз?" — деп сұрады журналистер министрден.

Басқарма басшысы қазір барлық түскен өтініш бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын және "тексерудің нәтижесі көп күттірмейтінін" айтты.

"Талаптар мен наразылық жалақыға да қатысты, бірақ ол ұшу экипаждарының барлығы жалақы алды. Барлық рейске жақсы ақша: 20 миллион теңгеден асады (жылына - еск.). Менің ойымша, мұндай жалақы бәрінде бола бермейді. ТЖМ құрылымында жұмыс істеуге келетін болсақ, әрине, ТЖМ әрдайым қолайлы жағдайда жұмыс істемейді. Біз әрқайсын (жағдайды - еск) анықтаймыз",- деп жауап берді Ильин.

Министрдің айтуынша, 23 қызметкер жұмыстан кету туралы арыз жазған.

"Біз ешкімді жұмыстан шығарған жоқпыз. Алдағы уақытта тексеру қорытындысы бойынша шешім қабылданады. Біреулері қаласа, жұмыстан босатылады. Бірақ олардың оқуына бюджет қаражаты жұмсағанын ескеруіміз керек және Еңбек ұжымы мен кәсіпорын әкімшілігі арасында жасалған келісім бойынша қызметкер оқуға жұмсалған қаражатты өтеуі тиіс", - деп қосты Юрий Ильин.