Видеодан алынған кадр/ instagram.com/ajupventure
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Алматы қаласының маңында қаңтарылып тұрған 300 автобусқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
Оның атап өтуінше, бұған дейін Алматы әкімдігі қалада қолданыста болған көлік құралдарының неліктен Алматы облысында тап болғанын түсіндірген.
«Бұл автобустардың Алматы облысы әкімдігіне берілгеніне қатысты ұйғарым бар. Олар - жаңа емес. Олар тозған, Алматы әкімдігі пайдаланған. Қала әкімдігі оларды Алматы облысы әкімдігінің балансына беру туралы шешім қабылдаған», - деді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.