19 ақп, 2023 сағат 10:22

Михаил Козачков үйқамаққа ауыстырылды

Фото: time.kz

Қазақстандық журналист Михаил Козачковқа қатысты бұлтартпау шарасы өзгерді. Ол тергеу изоляторынан үйқамаққа ауыстырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарламасы бойынша, 2023 жылғы 18 ақпандағы сот қаулысымен, соталды тергеу органының К.-ға қатысты 2 айлық қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын (яғни 2023 жылдың 18 сәуіріне дейін) үй қамағына ауыстыру бойынша арызы қанағаттандырылды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ", - делінген хабаралмада.

Еске салайық, танымал журналист Михаил Козачков 18 желтоқсанда ұсталған болатын. Бұл ақпаратты Қаржылық мониторинг агенттігі растады. Ол Коспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік басып алулар жасауға көмектескен деген күдікке ілінген.

Бұл іске қатысты Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай да пікір білдірген еді. Ол бұл іс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек құқық шеңберінде қаралуға тиіс екенін атап өтті.