21 қар, 2022 сағат 13:19

«Менің бағдарламам өзекті болып қала береді және оны жалғастырамын» - Қажыкен


ҚР Президенттегіне үміткерлер қатарында болған Мейрам Қажыкен сайлаудан соң үндеу жасап, Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Azattyq Ruhy порталына сілтеме жасап.

«Президент сенім несиесін ғана емес, Қазақстанның болашағы үшін үлкен жауапкершілікті де алды. Маған дауыс бергендердің бәріне алғысымды білдіргім келеді. Мені президенттікке кандидат етіп ұсынған «Аманат» республикалық бірлестігіне ерекше алғыс айтамын. Маған, бағдарламама сенген жұмысшыларға, студенттерге, зейнеткерлерге мың алғысымды білдіремін. Менің бағдарламам өзекті болып қала береді және оны жалғастырамын. Осы орайда Yntymaq саяси партиясын құруға пікірлестерім көмектеседі», - деді ол «Хабар 24» телеарнасының эфирінде.

Үндеуінің соңында Қажыкен саясатта қалуға уәде берді.