01 там, 2019 сағат 18:04

"Мен прокурормын". Алматыда караокедегі жанжал видеоға түсірілді

Алматыда көңіл көтеру орталықтарының бірінде мас күйде жанжал шығарғандардың видеосы Желіде жарияланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Оқиға Voyage караоке-барында 31 шілдеден 1 тамызға қараған түні болған. Мекеме әкімшісі Нұрланның айтуынша жазғы терассаға екі қонақ келген - ер және әйел. Оның айтуынша, түнгі 2:00-де олар спирттік ішімдік ішкен. 

"Олар мекеменің қарапайым ережелерін сақтаудан бас тартты, оның ішінде ғимарат ішінде темекі шекпеу сияқтылары да бар. Өзінің қала прокуратурасыда істейтінін айтқан жігіт қызметкерлердің оның атына жазған арызы алдынан өтетінін айтқан. Ұзақ уақыт бойы арпалысқаннан кейін, жұп ақыры ақшасын төлемеді. Олар қызметтік куәлікке ұқсас бірдеңе көрсетумен әлек болды. Әйел адам адвокатпын өзін деп таныстырды", - деді мекеме әкімшісі.

Олар есеп айырысудан бас тартқаннан кейін мекеме қызметкерлері видеоға түсіре бастаған. Видеодан ер адамның ақша төлеуге арналған кітапшаны лақтырғанын көруге болады. 

Қалалық прокуратура видеодағы адамның прокуратура қызметкері екенін жоққа шығарды.

Қазіргі таңда қалалық Полиция департаменті оның кім екенін анықтап жатыр.