19 мау, 2023 сағат 18:13

Мен мұны жасырған жоқпын - Сүлейменова әкесінің соттылығы туралы

Фото: instagram.com/zulfiya.suleimen

Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова әкесінің сотты болғанын растады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Тарап жатқан ақпараттың көбі шындыққа жанаспайды. Ал әкеме қатысты іс болғаны рас, соттылығы өтелді. Мен бұл фактіні жасырған емеспін. Мемлекеттік қызметке орналасқанда, құжаттарымда көрсеттім", - деді Сүлейменова Үкімет кулуарында.

Сондай-ақ, ол Бас прокуратура Абай облысындағы орман өрті бойынша әлі жауап алмағанын айтты.

"Мен енді ғана келдім. Әлі жауап алып үлгерген жоқ. Шақырған соң, бар білгенімді айтамын, тергеумен ынтымақтаса жұмыс істеймін", - деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін желіде Экология министрі Зульфия Сүлейменованың әкесінің сотты болғаны туралы қауесет тараған еді.