ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне соғыс жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы жобасы мақұлданды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Құжат бойынша баяндама жасаған Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Ерманның айтуынша, қаралап отырған заң жобасының тұжырымдамасы осы жылдың 15 қаңтарында өткен Мәжілістің жалпы отырысында 1-оқылымда мақұлданды.
«Заң жобасы Қарулы күштердің Жоғарғы бас қолбасшысы қабылдаған ҚР-ның қорғаныс жоспарын іске асыру үшін дайындалды. Заң жобасының негізгі мақсаты - мемлекеттің қорғанысқа және әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайындық жүйесін жетілдіру, ҚР соғыс жағдайы саласындағы заңнамалық актілерін әскери қақтығыстар сипатындағы әлеуетін әскери қатерлерге және өзгерістерге сәйкес келтіру болып саналады», - деді ол.
Мұхтар Ерманның айтуынша, жұмыс барысында депутаттар заң жобасына бірқатар түзету енгізген.
«Атап айтқанда, мемлекеттің қорғаныс жоспары құжаттарын мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтерге жатқызу, ҚР-ның қорғаныс жоспары ұғымын енгізу, ҚР-ның қорғаныс жоспарын, облыстық және республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық қорғаныс жоспарын іске асыру жөніндегі құжаттарды әзірлеу бойынша жергілікті атқарушы органдардың құзіретін бекіту, қорғаныс жоспарын және оны іске асыру жөніндегі құжаттарды әзірлеу бойынша мемлекеттік органдардың құзіретін нақтылау, облыстың, республикалық маңыз бар қаланың, астананың қорғаныс кеңістігінің құзіретін нақтылау, әскери кафедараларда сержанттық құрамның резервін дайындау. Аталған заң жобасын қабылдау соғыс жағдайы кезеңінде мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тетігін жетілдіргуе мүміндік береді», - деді Мәжіліс дептутаты.
Мәжіліс депутаттары заң жобасын мақұлдап, Сенат қарауына жіберді.