16 қаң, 2022 сағат 16:50

Мемлекеттік күзет қызметі бір күндік жалақысын қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына бөлді

© Sputnik / Владислав Воднев

ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бір күндік жалақысын қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына жібереді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан күштік құрылымдар қызметкерлерінің ата-анасына және туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтады.

Бейбіт халықты қорғау кезіндегі олардың ерлігі мен жанқиярлық батырлығы – қызметтік борышты атқару мен антқа адалдықтың үлгісі!

Олардың ерлігі әрқашан біздің жүрегімізде болып, кейінгі жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде үлгі болады! 

Моральдық қолдау және материалдық көмек көрсету мақсатында, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бір күндік жалақысын қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына  жібереді», - делінген хабарламада.