13 сәу, 2020 сағат 15:18

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелерінің жұмыс кездесуіне қатысады

14 сәуір күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеконференция форматында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің жұмыс мәжілісіне қатысады, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Жиын барысында COVID-19 індетінің таралуын болдырмауға және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің экономикалық тұрақтылығын қолдауға бағытталған бірлескен шаралар талқыланады.

Отырыстың қорытындысы бойынша Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске мүше елдер бірлескен мәлімдеме қабылдауды жоспарлап отыр.