10 сәу, 2020 сағат 14:19

Мемлекет басшысы: Үш күнде төлем карталарын қашықтан алу мәселесін шешуді тапсырамын

Үш күндік мерзімде төлем карталарын қашықтан алу мәселесін шешу қажет. Бұл туралы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Төлем картасын алу - ең өткір мәселелердің бірі. Тек қана техникалық инфрақұрылым ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік органдардың нормативтік ортасы, бизнес-процесстері дайын болмай шықты. Түрлі сылтаулармен карталарды жеңілдетіп шығару созылып барады. Ал бұл қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың, көлегейлі төлемдер көлемін төмендетудің шынайы мүмкіндігі. Үш күнде төлем карталарын қашықтан алу мәселесін шешуді тапсырамын», - деді ҚР Президент.