08 там, 2020 сағат 12:10

Мемлекет басшысы Үндістан халқына көңіл айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әуе апатына байланысты Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мемлекет басшысы Тwitter-дегі жеке парақшасында Керала штатында әуе апаты салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты Үндістан халқы мен Премьер-министрі Нарендра Модиге қайғыға ортақтасып, көңіл айтатынын жазған. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, 7 тамызда Үндістанның оңтүстігіндегі Керала штатының Кожикоде қаласында Air India Express әуе компаниясының 190 жолаушысы бар ұшағы қонар кезде апатқа ұшырады.