ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында террористік агрессияға ұшыраған қала тұрғындарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекеттік төңкеріс, елдің тұрақтылығына қол сұғу талпыныстары сәтсіздікке ұшырады. Біз бірыңғай ұлт ретінде бірліктің арқасында Алматы мен өзге облыс орталықтарын қорғап қалдық. Қысқа мерзімде олар қалпына келтіріледі және бұрынғыдан да көріктене түседі. Енді бұл менің тікелей міндетім және әрине, Үкіметтің жауапкершілігі», - деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, ол Алматы қаласы полиция департаментінің ғимаратында шайқасты тағы бір еске алды.
«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, террористік агрессияның нысанына айналған қалалардың тұрғындарына көңіл айтқым келеді. Осы бір қаралы күндер артта қалған бүгінгі күнде Ішкі істер министрлігінің арнайы жасақтарының террористік агрессияның бетін қайтарудағы ерлігін атап өткім келеді. Мысалы, Алматы қаласында полиция өкілдерінің шағын тобы полиция департаментін басып алмашы болған бандиттердің шабуыл екі түн қатарынан тойтарып отырды», - деді Президент.