ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары сэр Сума Чакрабартимен Бейне байланыс форматында кеңес өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бейне байланыс форматында өткен жиында кеңесші, Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары сэр Сума Чакрабартимен Қазақстанның экономикалық дамуын ілгерілету, елімізге инвестиция тарту және Кеңестің қазанда өтетін бірінші отырысына дайындық мәселелерін талқыладық», - деп жазды Президент twitter парақшасында.
Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Сэр Сумма Чакрабарти(Sir Suma Chakrabarti) Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық даму жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.