20 жел, 2021 сағат 17:46

Мемлекет басшысы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы заңға қол қойды


Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 

Аталмыш заңның мәтіні де баспасөзде жарияланады.