16 сәу, 2021 сағат 10:00

Мемлекет басшысы көрнекті ақын Есенғали Раушановтың отбасына көңіл айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушановтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Есенғали Әбдіжаппарұлы бірқатар газет-журналдарда қызмет жасап, рухани-мәдени саланың өркендеуіне үлес қосты. Ширек ғасырдай уақыт бойы «Жазушы» баспасының директоры болып, қазақ әдебиетінің құнды дүниелерінің жарыққа шығып, халыққа кең таралуы жолында мол еңбек сіңірді.Ақын ретінде қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Өр рухты өлеңдері мен поэмалары оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алды. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», – делінген жеделхатта.