09 қар, 2022 сағат 21:27

Мемлекет басшысы Көпен Әмірбектің отбасына көңіл айтты


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті публицист, белгілі сатирик, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Көпен Әмірбектің дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

«Көпен Әмірбекұлы бірқатар республикалық басылымдарда ұзақ жылдар бойы жемісті жұмыс істеді. Ұлттық сатира жанрының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Соңына әдеби мол мұра қалдырған Көпен Әмірбекұлының есімі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», – деп жазылған жеделхатта.

Еске салайық, бүгін 73 жасқа қараған шағында танымал сатирик Көпен Әмірбек дүниеден озған еді.