Квазимемлекеттік секторда қоғамдық кеңес құру мүмкіндігін қарастыру керек. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жария еткен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қоғамдық кеңестердің рөлін арттыра түсу қажет. Оларды сатып алуды ұйымдастыратын комиссиялардың жұмысына тарту керек. Сондай-ақ квазимемлекеттік секторда қоғамдық кеңестер құру мүмкіндігін қарастырған дұрыс. Парламент қарауындағы тиісті заң жобасын жыл аяғына дейін қабылдаған жөн», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, ҚР Президенті қоғамдық кеңестердің құрамына түрлі әлеуметтік топ өкілдерін кеңінен тарту қажеттігін баса айтты.
«Мысалы, біз мүмкіндігі шектеулі жандар осындай ұйымдардың жұмысына араласып, өз үнін жеткізуі үшін қолайлы жағдай жасауымыз керек. Олар әрқашан мемлекеттің ерекше назарында тұруға тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.