15 шіл, 2019 сағат 13:27

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына алғыс айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арысқа көмек көрсеткен Қазақстан халқына алғысын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Арыс оқиғасы кезінде еліміздің азаматтары, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, өңірлер, отандық бизнес және бірқатар шетелдік инвесторлар зардап шеккендерге материалдық және моральдық қолдау көрсетті. Бұл - халқымыздың береке-бірлігінің арқасы және тұтастығымыздың көрінісі. Барлығына ризашылығымды білдіремін», - деді Мемлекет басшысы.

Президент Арыстағы қалпына келтіру жұмыстарын Үкімет басшысы мен әкімдер қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

«Қорғаныс министрлігі әскери қойманы көшіру жұмыстарын бастады. Бұл жұмысты ұзаққа созбай, қысқа мерзім ішінде аяқтау қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.