ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» ХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Астана» ХҚО басқарушысы Қ.Келімбетовті қабылдадым. Орталық алға қойған міндеттерін тиімді жүзеге асырудың маңыздылығын айттым. АХҚО шетелдік капиталды тартудағы, қор нарығын дамытудағы, инвесторлардың құқықтарын қорғаудағы,сапалы қаржылық қызмет көрсетудегі жұмыстарды күшейту қажет», - деп жазады Қ. Тоқаев твиттердегі парақшасында.