18 сәу, 2018 сағат 18:41

Мемлекет басшысы Қарулы Күштердің бірқатар басшыларын қызметінен босатты

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімдерімен еліміздің әскери саласындағы бірнеше қолбасшы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Қайдар Сәмиғұлұлы Қарақұлов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды;

Дулат Темірғалиұлы Адырбеков «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне;

Асқар Ахметұлы Жоламанов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Зымыран әскерлері мен артиллериясының қолбасшысы қызметіне;

Сәкен Мансұрұлы Бекжанов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды.

Сонымен қатар, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімдерімен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты:

Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы қызметінен;

Лұт Сапуұлы Әлшекенов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Зымыран әскерлері мен артиллериясының қолбасшысы – Құрлық әскерлері бас қолбасшысының оқ атумен зақымдау жөніндегі орынбасары қызметінен;

Жандарбек Сәдуұлы Жанзақов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды.