29 мам, 2018 сағат 08:59

Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы өкімімен бірқатар жаңа тағайындаулар болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Ал, бұған дейін бұл лауазамды атқарған Анарбек Бақтығазыұлы Қарашев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Сондай-ақ, Арман Дайырұлы Жұмабеков Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды.

Данияр Валерьевич Вагапов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.