16 қар, 2021 сағат 17:33

Мемлекет басшысы: Бір сыныптағы бала саны 25-тен аспауы керек


Бір сыныптағы бала саны 25-тен аспауы керек. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Тағы бір мәселе бар. Әр сыныптағы бала саны шектен тыс көп. Негізі, бір сыныптағы балалардың саны 25-тен аспауы керек. Осы стандарттың сақталуын қамтамасыз етуге тиіспіз.   

Сонымен қатар, мектептердің үлгілік жобасын әзірлеуді тапсырамын. Мектептің жалпы көлемі мен дизайны орын санына байланысты анықталуға тиіс.

Мектеп 2500 балаға арналса, соған сай инфрақұрылым да болуы керек. Онда спорт залдары, асханалар, зертхана және оқу кабинеттері болуға тиіс. Жаңа мектеп салуға бөлінген қаржының тиімсіз жұмсалуына, талан-таражға түсуіне жол бермеу қажет», - деді Қазақстан Президенті.