01 қыр, 2020 сағат 17:02

Мектеп оқушыларына қосымша 250 мың компьютер таратылады - министрлік

Мектеп оқушылары үшін тағы 250 мың компьютер таратылады. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова жаңа оқу жылындағы алғашқы сабақтар туралы айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Оқушыларды қашықтан оқытуға дайындау барысында жергілікті ақтқарушы органдар министрлікпен бірлесе тиісті шараларды атқарды. Оқушыларға уақытша пайдалану үшін 435 мың компьютер таратылды. Әлі де сатылып алынып жатқан компьютерлер бар. 15 қыркүйекке дейін қосымша 250 мың компьютер беріледі», - деді вице-министр онлайн режимде өткен брифингіде. 

Оның сөзіне қарағанда, 1 қыркүйек сағат 15:00-дегі жағдай бойынша жүйедегі қаралым саны 3,7 млн. құрайды. «Күнделік» жүйесі штаттық режимде жұмыс істеді.

Министрлік мәліметінше, 1 қыркүйектегі сағат 15:00-дегі жағдай бойынша негізгі білім беру платформаларындағы сессиялардың саны – 2,2 млн. Орналастырылған контентті қарау саны – 6,8 млн.