Әлемдік қоғамдастық пандемияның таралуына қарсы іс-қимылдың белсенді сатысында тұр. Бүгінгі таңда ғаламдық ауқымда ауырғандардың жалпы саны 13 миллион адамнан асады.
Covid-19 жұқтырғандардың прогрессивті өсуі аясында әлемнің көптеген елдерінің денсаулық сақтау жүйелері дағдарысқа қарсы тұра білу сынағынан өтуде. Қазақстан да бұл үрдістен тыс қалмады. Біздің еліміздің медицина қызметкерлері соңғы бірнеше ай бойы азаматтардың өмірін құтқара отырып, алдыңғы шепте қызмет атқарып келеді.
Сонымен қатар, Қазақстан үшін «инфодемия» сияқты құбылыстың пайда болуы - коронавирус туралы тексерілмеген қауесеттердің таралуы қосымша тәуекелге айналды. Әртүрлі жалған жаңалықтардың пайда болуы және азаматтардың алаңдауы жағдайында денсаулық сақтау жүйесі қызметінің ашықтығы мен транспаренттілігін арттыру өзекті болып отыр.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының пандемия бойынша статистиканы анықтау міндетін орындау бойынша маңызды іс-әрекеттерді қолға алғаны қуантады.
Біріншіден, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгін ОКҚ алаңында Қазақстандағы пневмония ауруының ауқымы туралы мәлімдеді. Министрдің айтуынша, 2020 жылдың басынан бері елімізде пневмонияның 234 187 жағдайы тіркелген. 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тіркелген аурулар саны 3,3 есе (70 926 жағдай) өсті.
Екіншіден, айтатын кететін жайт, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау министрлігінің короновирус және Covid-19-дың жалпы белгілері бар пневмания ауруы бойынша статистикалық мәліметтерді біріктіру жөніндегі шешімі біздің ел үшін Covid-19 жұқтырғандарды есепке алу бойынша ДДСҰ-ның халықаралық стандарттарына сәйкестеу бағытындағы маңызды қадам.
Бұл жағдайда Covid-19 ауруымен ауырғандарға қатысты мәліметтерді қайта рәсімдеу ел бойынша ауырғандардың жалпы статистикасының күрт өсуіне, сонда-ақ, ДДСҰ-ның халықаралық рейтингісінде Қазақстанға қатысты мәліметтер күрт нашарлауына әкелетінін ескеру қажет.
Дегенмен, бұл шара қоғамға да, билікке де Қазақстандағы жағдайды шынайы бағалауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, Денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті мемлекеттік органдарға пандемиямен күресте барлық ресурстарды дұрыс жоспарлау мен бөлу мүмкіндігі пайда болады.
Жалпы, Қазақстанда Covid-19 ауруымен ауырғандарға қатысты мәліметтерді қайта рәсімдеу үшін негіздемелерді кеңейту туралы Денсаулық сақтау министрлігінің шешімі денсаулық сақтау жүйесінің жұмысында ашықтық пен транспаренттілікке бет бұру деп бағалауға болады.
ДДСҰ Еуропалық бюросының төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры доктор Дорит Нитцанның пікірінше, Қазақстан Covid-19 ауруымен ауырғандарды есепке алу жөнінде батыл қадам жасап, ТМД және Еуропаның бірқатар елдеріне үлгі болар дейгейде.
Слямжар Ахметжаров
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ
әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің
аға ғылыми қызметкері