02 нау, 2022 сағат 14:00

Мәжіліс төрағасы елорда атауын өзгертуге қатысты сұраққа жауап берді


Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов елорда атауын Астанаға қайта өзгерту туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Ондай мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ", - деді Қошанов журналистерге.

Сондай-ақ оның айтуынша, депутаттар бастама танытып, мұндай ұсыныс жасамайды.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың наурызында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқаннан кейін Астана атауы Нұр-Сұлтан деп өзгертілді. Бұл идеяны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған еді.