Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Украинадағы жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мәжіліс отырысынан кейін журналистер Қошановтан Қазақстан Украинаға қалай көмектесе алатынын сұрады.
"Украина мен Ресей - бізге бауырлас елдер. Сондықтан қанның төгілгенін, ғимараттар қирағанын көру өте ауыр. Қазақстан қандай көмек көрсете алады? Мемлекет басшысы айтқандай, біз екі тарап арасында делдал болып, келіссөздер алаңын ұйымдастыра аламыз", - деді Қошанов.