14 қаң, 2026 сағат 15:53

Мәжіліс депутаты алкогольге қатысты шектеулерді қатаңдату ұсынылды

Фото: ara24.kz

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов алкоголь еліміздегі қылмыстардың негізгі себептерінің бірі екенін мәлімдеді. Ол Ішкі істер министрлігінің деректеріне сүйене отырып, ауыр қылмыстардың едәуір бөлігі алкогольдік масаң күйде жасалатынын айтты, деп хабарлайды Ult.kz.

Депутаттың айтуынша, елімізде әрбір екінші кісі өлтіру мен әрбір үшінші зорлау және бұзақылық мас күйде жасалады. Сондай-ақ тонау, жол-көлік оқиғалары мен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың көп бөлігі алкогольмен байланысты.

Осыған байланысты Магеррамов алкоголь өнімдерін сату мен бақылауды қатаңдатуды ұсынды. Атап айтқанда, білім беру және балалар мекемелерінен 100 метр радиуста алкоголь сатуға тыйым салу нормасын қайта енгізу, сауда нүктелерінің санын шектеу және алкоголь өнімдерін міндетті цифрлық таңбалауды енгізу қажет екенін айтты.

Сонымен қатар ол дүкендерде алкогольді сағат 20:00-ден кейін, ал кафе мен мейрамханаларда 22:00-ден кейін сатуға тыйым салуды және алкогольді онлайн сатуға толықтай шектеу қоюды ұсынды.