Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасы талқыланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгін Мәжілістің жалпы отырысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қатысып отыр. Сонымен қатар, Президент Әкімшілігінің басшылығы, Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының міндетін атқарушылар, облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалаларының әкімдері қатысып отыр. Конституциямыздың 44-бабының үшінші тармақшасына сәйкес, Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің кандидатурасы бойынша Мәжілістегі саяси партиялық фракциялармен консультация өткізді. Енді Президент Премьер-Министрді тағайындауға палатаның келісімін алуы үшін тиісті ұсыныс Мәжіліске енгізілді», - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-Министрдің лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынды.