ҚР Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мәжілісінде Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі ретіндегі кандидатурасын қолдады. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Мәжіліс депутаттары аталған тақырыпты «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Конституциялық Заңның 22-1 бабына сәйкес қарастырды.
Қазақстан Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша кандидатураны Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды.
Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындау үшін Аида Ғалымқызы Балаеваның енгізілген кандидатурасын ұсыну туралы комитеттің қорытындысы қабылданды.