Дүйсенбі Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинян үш жақты келіссөз өткізеді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
«РФ президенті Владимир Путиннің бастамасымен 11 қаңтарда Мәскеуде Ресей президенті, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинян үш жақты келіссөз өткізеді. 2020 жылдың 9 қарашасындағы Таулы Қарабаққа қатысты Әзербайжан, Армения және Ресей мемлекет басшылары мәлімдемесінің іске асырылуы қаралып, өңірдегі мәселені шешу үшін ары қарай жасалатын қадамдар талқыланады», делінген Кремль баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сонымен қатар, Владимир Путин Ильхам Әлиевпен және Никола Пашинянмен жеке әңгімелеседі.