Ресейлік актер Михаил Ефремов жол апатынан кейін үндеу жасады. ТАСС үндеудің толық мәтінін жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Сол бір қаралы дүйсенбіден бері төрт күн өтті. Мен не айтарымды білмедім, қазір де білмеймін. Сергей Захаровтың отбасынан қалай және не деп кешірім сұрайтынымды білмеймін. Бірақ, мені кешірмейтінін біле тұра бәрібір кешірім сұраймын.
Мен қолымнан келгенше көмектесемін, әрине қабыл алса. Оны мені кешірсін деп «сатып алу» үшін емес, күнәмді жуып-шаю үшін жасаймын. Жұбайымнан, балаларымнан кешірім жоқ. Маған сенген адамдардан да.
Рөлге мас күйде отырғаным кешірілмейтін әрекет болды. Соның салдарынан күнәсіз адам, жақсы азамат, менің құрдасым қаза тапты.
Мен әрі қарай қалай өмір сүрерімді білмеймін. Көп адам мені әртіс ретінде жазадан құтылып кетеді деп ойлап жүрген шығар. Жоқ, мен олай жасамаймын, таныстарымды ортаға салмаймын.
Барлығы оқиғаны көргеннен кейін қалай құтыласың. Есімді жиғаннан кейін мен де көрдім. Құдайға шүкір, анам көрген жоқ. Бұл кино емес, артқа ештеңе айналдыра алмайсың. Бәрі бітті, енді Ефремов жоқ.
Барлығын сатып кеттім. Кешіріңіздер, өтінемін. Басқа айтар сөзім жоқ», - деді актер.
Еске салайық, 8 маусым күні Мәскеу қаласы Смоленск алаңында Jeep Grand Cherokee көлігін тізгіндеген ресейлік актер Михаил Ефремов қарсы жолаққа шығып кетіп, фургонмен соқтығысты.
Фургон жүргізушісі – 57 жастағы Сергей Захаров ауруханада жатып көз жұмды. Актер оқиға орнында ұсталып, медициналық тексеруге жіберілді. Кейіннен медициналық сараптама оның мас болғанын растады.