16 мам, 2024 сағат 21:37

Мас күйінде сахнаға шыққан әртістерге айыппұл көлемі белгіленді


© Photo : Letterdesign


Мәдениет және ақпарат министрлігі әртістердің концерт кезіндегі әдепсіз әрекеті үшін жауапкершілік енгізуді ұсынды. Министрліктің бұйрық жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды.


Мәдени іс-шара барысында көрермендермен қарым-қатынас жасау кезінде өнер қайраткерлерінің жөнсіз мінез-құлық танытуына, көрермендерге балағат сөз сөйлеп, әдепсіз қылық көрсетуіне, алкогольдік ішімдік ішіп, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болуына, сондай-ақ психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын қабылдауына жауапкершілік енгізілмек.


Мәдениет министрлігі мас күйінде сахнаға шыққан әртістерге айыппұл көлемін де белгіледі.


Мұндай қылықтары үшін:


Жеке тұлғаларға 150 АЕК (553 800 теңге)
Заңды тұлғаларға 300 АЕК (1 млн 107 600 теңге) Осындай әрекеттер қайталанған жағдайда:
Жеке тұлғаларға 200 АЕК (738 400 теңге)
Заңды тұлғаларға 600 АЕК (2 млн 215 200 теңге).