Марокко Гран Приіне 15 қазақстандық дзюдошы қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның дзюдо федерациясына сілтеме жасап.
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Рабатта (Марокко) өтетін әлемдік Гран При кезеңіне қатысады. 6-8 наурыз күндері өтетін додаға 95 елден 583 татами шебері қатысады деп жоспарланған. Аталған бәсекеде Қазақстан намысын 15 дзюдошы қорғайды.
Ерлер:
Бауыржан Нарбаев (60 келі)
Ерлан Серікжанов (66 келі)
Серік Ақылбек (73 келі)
Жансай Смағұлов (73 келі)
Руслан Мусаев (81 келі)
Дидар Хамза (81 келі)
Ерсұлтан Мұзаппаров (90 келі)
Айбек Серікбаев (-100 келі)
Ерасыл Қажыбаев (+100 келі)
Ғалымжан Қырықбай (+100 келі)
Әйелдер:
Әйгерім Әбілқадырова (48 келі)
Ғалия Тынбаева (48 келі)
Анна Казюлина (52 келі)
Севара Нишанбаева (57 келі)
Зарина Райфова (-78 келі)