Пауэрлифтингтен спорт шебері, альпинист Мария Әуезованың Елбасы алып берген протезбен алғашқы қадамын жасаған сәті жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де жазды.
«Нұрсұлтан Назарбаев: Жарайсың, Мария! Сен жастарға үлгісің!» деп басталатын видеода Елбасының жігерлі қызға деген ілтипаты берілген.
«Мария екі аяғы да тізеден жоғары кесілгеніне қарамастан, Эверест шыңына өрмелеген. Елестетіп көріңізші! Жап-жас қыздың рухы қандай биік, ерік-жігері қандай?! Мен оған қолдау білдіржім. Жарайсың, Мария! Сен жастарға үлгісің», - дейді Тұңғыш Президент.
Бұған дейін Елбасының пауэрлифтингтен спорт шебері, альпинист Мария Әуезовамен кездескенін жазған болатынбыз.
Сәуір айында Мария Әуезова альпинистер тобымен бірге Эверестег базалық лагерге (
