Марат Иғали Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің кеңесшісі толып тағайындалды. Бұл жайында ол өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Мемлекеттік қызметке ауысып, Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің туризм мәселелері жөніндегі кеңесшісі болдым. Туристік саласын дамытудың барлық мәселелері бойынша әдеттегідей тәулігіне 24 сағат журналистермен, республиканың және өңірлердің туристік қоғамтастықтармен ынтымақтастыққа дайынмын. Жоспар көп. Оқиғалар барысы туралы құлағдар етіп отырамын», - деп жазды ол.
Айта кетейік, Марат Иғали жаңа қызметке тағайындалғанға дейін «Қазконтент» АҚ төрағасының орынбасары болды. Оған дейін Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің кеңесшісі, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы және ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Туризм департаментінің директоры қызметтерін атқарды.