15 там, 2022 сағат 13:07

МАРАТ АХЫЛБЕКОВ – МФО KMF БАНКІНІҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРІ ӘРІ ЖЕТЕКШІСІ

 

Кез келген табысты бизнес компанияның дамуына үлкен үлес қосатын үздік қызметкерлерді жұмысқа алуға ұмтылады. Ең жақсы қызметкер өз жұмысын жақсы атқарып жүрген адам ғана емес, белгілі бір қасиеттерге ие, оларды басқалардан ерекшелейтін адам. Жақсы қызметкер өз міндеттерін жоғары деңгейде орындап қана қоймай, жаңа идеялар әкеліп, проблемаларды батыл шешетін, жоғары кәсіби шеберлікке ие адам.

Үздік жетекшінің ең маңызды сипаттамаларының бірі жауапкершілік болып табылады. Өзінің іс-әрекеті үшін жауапкершілікті өз мойнына алады, өз міндеттерін дәл және уақытында орындайды. Мұндай қызметкер өз уақытын жоспарлауды, басым міндеттерді таңдауды және нәтижеге жауапты болуды біледі.

Осындай өз ісінің маманы Марат Ахылбеков 10 жылдан астам уақыт банк саласында табысты еңбек етіп келеді. МФО KMF банкі Шымкент филиалының жетекшісі Марат Нұрланұлы  «Жақсы қызметкер болу үшін тек тамаша көрсеткіштер көрсетіп қана қоймай, өзіңізді де, еңбекте де, өмірде де кездесетін қиындықтарды еңсеру маңызды» дейді.  Ол 2022 жылдың «Үздік қызметкері, әрі банк жетекшісі» атанды. Отбасында 5 баланың әкесі, ардақты жар, түрлі жобалар ұйымдастырушысының әлі де биіктерді бағындыратындығына сеніміміз мол.

Марат Ахылбеков МФО KMF банкі Шымкент филиалының жетекшісі, үздік несие сарапшысы ретінде дамудың тұрақты деңгейін көрсетіп келеді

Ақжан Хасенхан