25 ақп, 2022 сағат 14:05

Марат Ахметжанов Ішкі істер министрі болды


Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы қызметінен босатылсын", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрі қызметінен босатылған еді.

Марат Ахметжанов 1964 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген.

Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы тағылымгер лауазымынан бастаған, содан кейін Теміртау прокуратурасының тергеушісі болып жұмыс істеген.

1993-1996 жылдары - Бас прокуратура жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы прокуратураның аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, Бас прокуратураның аса қауіпті қылмыстарды тергеу жөніндегі басқармасының өңірлік тергеушілер бөлімінің бастығы.

1996-1997 жылдары - Мемлекеттік тергеу комитетінің аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасы бөлімінің бастығы, Мемлекеттік тергеу комитетінің әскери-тергеу департаментінің Тергеу басқармасының бастығы.

1997-1998 жылдары - ІІМ Әскери-тергеу департаменті Тергеу басқармасының бастығы.

1998-2001 жылдары - Әділет министрлігінің Тергеу департаменті директорының орынбасары және сот қаулыларын орындау жөніндегі комитет төрағасының орынбасары.

2001 жылы - Бас прокуратураның тергеу және анықтау органдарындағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы.

2003-2006 жылдары - Павлодар облысының прокуроры.

2006-2009 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры.

2009-2012 жылдары - Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы.

2012 жылы - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары.

2014-2016 жылдары - Атырау облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, Атырау облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Департамент басшысы.

2016-2021 жылдары - Қазақстан Бас прокурорының орынбасары.

2021 жылғы 16 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басқарды.