Фото: ашық дереккөз
Маңғыстау облысында болған ірі жол-көлік апатынан 10 адам қаза тауып, үш адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Ult.kz.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1964 жылы туған ер адам мен 1967 жылғы әйел жансақтау бөлімінде жатыр. Ал 65 жастағы әйел травматология бөлімінде ем қабылдауда, жағдайы тұрақты ауыр.
Қаза тапқандардың арасында Қарағанды облысының бес тұрғыны және Астанадан бір әйел бар.
Қаза болғандардың денелерін сәйкестендіру және рәсімдерді өткізу үшін ІІМ Ұлттық ұланының арнайы борты Маңғыстауға аттанды. Борт сондай-ақ марқұмдардың денелерін туған аймақтарына жеткізу үшін пайдаланылмақ.
Бұл шара қаза тапқандардың отбасыларына жедел көмек көрсету және жерлеу жұмыстарын дер кезінде ұйымдастыру мақсатында жүзеге асырылып отыр.
