04 сәу, 2025 сағат 11:35

Маңғыстауда 12 оқушы астан уланған: Мектеп асханасы жабылды

Фото: ОАМ

Денсаулық сақтау министрлігі Бейнеу ауданының Манашы жалпы білім беретін мектебінің оқушыларының тамақтан улану дерегі бойынша тексеру басталғанын хабарлады.

Оқиғаға байланысты әкімдіктің жанынан штаб құрылып, санитариялық-профилактикалық шара ұйымдастырылды. Мектеп асханасы жабылды. 

Ал уланған 9-12 жас аралығындағы балалар дәрігерлердің тексеруінен кейін үйлеріне жіберілген.

Еске сала кетейік, Маңғыстау облысында 11 оқушы тағамнан улану белгілерімен ауруханаға түскен.