13 жел, 2022 сағат 17:23

Маңғыстау облысында жантүршігерлік оқиға болды


Маңғыстау облысында ер адам балаларымен бірге өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, 11 желтоқсан сағат 19.45 шамасында Мұнайлы ауданының полиция бөліміне Мұнайлы ауданында асылып өлу белгілері бар 4 мәйіт табылды деген хабарлама түскен.

"Бұл шақыруға жедел-тергеу тобы барды. Өздігімен асылып өлген 38 жастағы ер адам, сондай-ақ 8 жастағы, 4 жастағы және 10 айлық балалар анықталды.

Тексеру барысында Б. есімді азаматпен жіберілген аудиожазба анықталды. Ол жұбайы Д. есімді әйелге өлетінін және балаларын өзімен бірге алып кететінін айтқан", - делінген хабарламада.

Бұл оқиға отбасылық жанжал негізінде болғаны және олардың ажырасқалы жатқаны белгілі болды. Ерлі-зайыптының екеуінің де тұрақты жұмыс орындары болған.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданының ПБ соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейтіні хабарланды.