25 мам, 2021 сағат 16:20

Маңғыстау облысында оқушылардың төбелесі видеоға түсірілді


Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында екі мектептің оқушылары тапа-талтүсте төбелес шығарды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Төбелестің видеосы Instagram-дағы smotra_shymkent парақшасында жарияланды. Кадрларға қарағанда, жанжал басталғанда полицейлер жақын маңда жүрген.  

Маңғыстау облыстық полиция өкілдері оқиғағы қатысты пікір білдірді.


"25 мамырда сағат 11.00-де Бейнеу ауданының Бейнеу ауылында Ж.Қалдығараев және Ы.Алтынсарин атандағы мектеп оқушылары арасында төбелес болды. Оқиға орнында жеті адам ұсталып, мән-жайды анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Жәбірленуші жоқ. "Соңғы қоңырау" күніне байланысты полиция күшейтілген режимге көшті", - деп хабарлады полиция департаментіндегілер.

Аталған факт Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркелді. 

Маңғыстау облысының полиция департаменті түлектердің ата-аналарына кәмелетке толмаған балалар үшін жауапкершіліктің бар екендігін ескертеді және осы күні мектеп оқушыларын қадағалауды күшейтуге шақырады.