Маңғыстау облысы «жасыл» аймақта болғанымен, өңірдегі эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз. Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ғазиз Надуев мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оның айтуынша, соңғы екі аптада коронавирус инфекциясын 96 мектеп оқушысы, 6 мұғалім жұқтырған.
«Қауіпті індет 96 оқушыдан үйдегі қарым-қатынас арқылы анықталып отыр. Ауырған оқушының барлығының шағымы жоқ. Жақын байланыста болған адамдар карантинге алынды. Індетке қарсы шаралар жалғасуда», - деді Ғазиз Надуев.
