15 мау, 2021 сағат 10:52

Мамин: Вакциналауды одан әрі кеңейтіп, күн сайынғы қарқынын барынша ұлғайту қажет


«Ashyq» қосымшасын енгізуді ұлғайту керек. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Өздеріңізге белгілі, аймақтағы көршілес мемлекеттерде аурудың өсуі байқалады. Сондықтан қосымша алдын алу шараларын қабылдау қажет. Бірінші кезекте бұл - вакциналаумен қамтуды ұлғайту. Вакциналауды одан әрі кеңейтіп, күн сайынғы қарқынын барынша ұлғайту қажет», - деді Асқар Мамин. 

Сонымен қатар Үкімет басшысы «Ashyq» қосымшасын енгізуді ұлғайту керектігін баса айтты. 

«Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, халықтың вакцина алуын ынталандыратын пәрменді тәсілдер ойластыру қажет», - деген Премьер-Министр жалпы бақылауды орынбасары Ералы Тоғжановқа жүктеді.