21 жел, 2020 сағат 16:33

Мамин РФ Үкіметінің Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады primeminister.kz.

Тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин арасындағы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі бірлескен шаралар туралы уағдаластықтардың практикалық іске асырылуын талқылады. 

Үкімет басшылары бүгін Қарағанды қаласында іске қосылған «Спутник V» вакцинасының өндірісі және қазақстандықтарды алдағы вакцинациялау ҚР-дағы тұрақты санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды сақтауға үлкен үлес қосатынын атап өтті. 

Әңгімелесу кезінде сондай-ақ сауда-экономикалық және көлік салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және ЕАЭО аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.