Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясының Үкімет Төрағасы Михаил Мишустинмен және Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Сергей Румаспен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет басшылары Қазақстан-Ресей және Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылды талқылады.