ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында АӨК, көлік, туризм салаларындағы инвестициялық жобалардың іске асырылуымен, сондай-ақ халықты вакциналау барысымен танысты.
Түпқараған ауданында Үкімет басшысы биыл сәуір айында пайдалануға берілген «Ақтау Агро» ЖШС құс фабрикасына барды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Үкіметтің баспасөз қыземтіне сілтеме жасап.

Кәсіпорында 90-нан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Мұнайлы ауданында Премьер-Министр 85 га аумақта салынып жатқан «Aktau Green House» ЖШС жылыжай кешенінің құрылыс жобасымен танысты. Жоба 2 кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде инвестиция көлемі 26 млрд теңгені құрайды. Биылғы желтоқсан айына қарай кәсіпорында 180-нен астам жұмыс орны құрылады, ал өндіріс көлемі жылына 8 мың тонна көкөністі құрайды. Екінші кезеңде – 2022 жылдың соңына қарай жұмыс орындарының саны 430-ға дейін, ал жылыжай кешенінің қуаты 13 мың тонна өнімге дейін ұлғайтылады.


А. Мамин Ақтау қаласының туристік инфрақұрылымының құрылыс алаңдарын — тақырыптық ойын-сауық паркін, гольф-клубын, апартаменттер мен жалпы саны 600-ден астам нөмірі бар Fairmont, Hilton, Aqualina Resort брендтерінің қонақ үйлерін аралады.
Үкімет басшысы жоспарланған нысандар құрылысының уақытылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

