20 қаз, 2020 сағат 12:46

Мамин Чакрабартимен кездесті

Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Президентінің кеңесшісі – Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесу өткізді. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" primeminister.kz сілтеме жасап хабарлайды.

Тараптар биылғы 21 қазанда болатын Реформалар жөніндегі жоғары кеңеске дайындықты, оның ішінде тұрақты әрі сапалы экономикалық дамуды қамтамасыз ету, стратегиялық жоспарлауды жетілдіру, сондай-ақ экономиканың түрлі секторларында инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі бастамаларды талқылады.