ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин отандастарымызды 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
«Құрметті отандастар, баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бүгінгі мереке – біздің ең асыл құндылығымыз береке-бірлігіміздің символы. Көпұлтты қоғамның ынтымағының арқасында Қазақстан өзінің ықылым заманғы тарихында талай қиыншылықты еңсеріп, кемел келешегіне нық қадам басып келеді.
Халқымыздың ауызбіршілігі қазіргідей күрделі кезеңдегі сынақтан да сүрінбей өтіп, біздің ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республикасының даму жолын жалғастыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін.
Қазақстандықтарға, әрбір отбасына зор денсаулық, өзара сыйластық, бейбіт өмір мен игілік тілеймін!» - деді Қазақстанның Премьер-Министрі Асқар Мамин.