Жарты жыл ішінде ауыл әкімдерінің үштен бірі жаңарды. Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Биыл 864 жаңа әкім сайланды. Небәрі жарты жылдың ішінде ауыл әкімдерінің үштен бірі жаңарғанын аназар аудар керек», - деді Мәлік Мырзалин.
Ол сондай-ақ ауыл әкімдерінің сайлауына дауыс берушілердің белсенді қатысқанын атап өтті.
«Ел бойынша сайлаушылардың қатысу деңгейі 78,5% болды. Ауылдық округтердің халқы әрдайым сайлауға белсенді қатысады. Бұл не деген сөз? Біріншіден, ауылды кім басқаратыны олар үшін маңызды. Бірнеше күн бұрын мен Стратегиялық зерттеулер орталығының талдауын оқыдым. Ол бойынша ауыл тұрғындарының 65%-ы әкімдерді тікелей сайлау жүйесін енгізу халықтың тұрмысын алдағы төрт жылда жақсартады деп есептейді. Бұл ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау туралы Мемлекет басшысының бастамаларын халықтың қолдайтынын білдіреді», - деді М.Мырзалин.