29 сәу, 2021 сағат 21:07

Макинскідегі құс фабрикасында өрт болды


Бұланды ауданында құс фабрикасы ғимаратында өрт болды, деп хабарлайды Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

«Бұланды ауданының өрт сөндіруші-құтқарушыларына б үгін сағат 17:34-те Макинск құс фабрикасының №7 ғимаратында өрт болғандығы туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылдарының арқасында 800 шаршы метр аумақтағы өртті 43 минутта сөндіріп, өрттің көршілес ғимараттарға таралуына жол берілмеді» делінген ведомство таратқан хабарламада. 

Өрт кезінде ғимараттың бос болғандығын және құстардың зардап шекпегендіктерін атап өткен жөн. №7 ғимараттың жалпы ауданы 1930 шаршы метрді құрайды, зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. 

Мәліметке сай, өрт 18:04-те оқшауланып, 18:18-де сөндірілді. Өрт орнында 10 өрт сөндіруші-құтқарушы, Макинск құс фабрикасының 7 және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 3 қызметкері жұмыс істеді. 

Өрттің себебі анықталып жатыр.